AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған жазған әніңді өзіңе арнаймын": Әнші Диная Ринат Гайсинге сезімін білдірді

Әнші Диная (Динара Қайырова) композитор Ринат Гайсинді туған күнімен құттықтап, оған деген сезімін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Сен маған арнап жазған "Сүйемін" әнін мен сен үшін орындаймын. Шығармашылық үшін рахмет. Өміріміздің жарқын бояулары үшін рахмет. Аман бол. Барлық мақсаттарың орындалсын. Туған күніңмен, маэстро", – деп жазба қалдырды Диная желідегі парақшасында.

Ол аталған әннің үзіндісін жариялады. 

Айта кетейік, Диная мен Ринат Гайсиннің қарым-қатынасы туралы ақпарат бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Композитордың ажырасуын да көпшілік осы махаббат хикаясымен байланыстырған. Алайда 2018 жылы берген сұхбатында Диная "ешкімнің отбасын бұзбағанын" айтқан еді.


"Үнді махаббаты": Жұбайына гитарамен ән арнаған Нұртас Айдарбеков елді тәнті етті


"Мен арымның алдында тазамын. Ешкімнің отбасын бұзбадым. Мен болмай тұрып, ол отбасы бұзылған. Қазір ажырасу процесі жүріп жатыр. Мен Ринатпен бірге тұрмаймын. Бала да туып алған жоқпын. Бізді әзірге тек шығармашылық байланыстырады. Бірақ Ринаттың мені сүйетінін білемін", – деген еді әнші.

Айта кетейік, Диная "Жаңа толқын-2015" байқауында 2-ші орын иеленген еді. Әнші көпшілікке сол кезден бастап танылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр