Мәдинадан Алматыға келе жатқан ұшақ басқа елге қонуға мәжбүр болды
Мәдина–Алматы бағытында ұшып келе жатқан әуе рейсі кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлап, экипаж Омандағы қосалқы әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Scat әуе компаниясының баспасөз қызметі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде жолаушылардың бірі есінен танып қалған.
"Мәдина–Алматы бағытындағы рейс кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлады. Бортта оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыға әрі қарай медициналық көмек көрсету мақсатында ұшақ командирі Омандағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы дәрігерлерге тапсырылған.
Еске салсақ, бұған дейін Air Astana ұшағы Астанаға қона алмай, Алматыға қайта оралғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар