Мәдина Сәдуақасова күйеуіне деген сезімі өшіп, қайта оянғанын айтты
Танымал әнші оқырмандарына үміт үзбеуге және махаббат жоқ деп ойламауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәдина Сәдуақасова кеше кешкісін жолдасын ғашықтар күнімен құттықтады. Әнші күйеуімен құшақтасып тұрған суреттерін жариялады.
“Маған Монаконың күні не үшін керек?! Айтыңыздаршы, Сен-Тропенің айы не керек?! Сізге махаббат жоғалып бара жатқандай көрінсе де, сүюді жалғастырыңыз, сонда сіз бәрінің өткінші көңіл-күй болғанын түсінесіз”, – деп жазды әнші.
Әншінің жазбасына қарағанда, олардың өмірінде өзгеріс болған. Мәдина махаббатының бір сәтке өшкенін мойындады. Кейін белгілі болғандай, сезімі қайта оянып, жай ғана өткінші көңіл-күйді бастан өткергенін түсінген.
Еске салайық, өткен жазда ерлі-зайыптылар ажырасып кетті деген ақпарат тарады. Олар бірнеше уақыт екі бөлек тұрды. Әншінің бүгінгі жазбасы сол күндерден хабар береді.
Бұған дейін Сәдуақасова жолдасын туған күнімен құттықтап, көп алдында жүрекжарды тілегін білдірді. Желі қолданушылары оларға бақыт тілеп, ақ тілегін арнап жатыр.
“Үнемі бірге жүріңіздерші”, “Кейде ондай жағдай болып тұрады, бастысы ошағыңыз сөнбесін”, “Шаңырағыңызға сәби келсін, сезімдеріңіз өшпесін”, “Сезім емес, отбасы, бала-шағаны ойлау керек”, – деп жазды олар.