AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұхамеджан пір боп кеткен бе?": Тазабек Мақпал Жүнісованың өзіне не үшін сәлем салғанын түсіндірді

Мұхамеджан Тазабек пен Мақпал Жүнісованың суреті желіде тез тарады. Көпшілік әншінің айтыскер алдында не үшін сәлем салғанын түсінбей дал болды. Енді бірі дінмен байланыстырып әлек. Мұны қоғам қайраткерінің өзі түсіндірді. 

Желіде тараған сурет көптің қызу талқысына түсті. Әр ісі жұрттың таласына түсіп жүретін Мұхамеджан мырзаның алдында “жасы үлкен халық әртісі неліктен сәлем салды?” деп шуласты. Бірі мұны дінмен байланыстырды. Бірі сәтсіз кадр деп бағалады.

“Бүгін Мақпал жеңгемізбен бірге түскен суретіміз хит боп, талқыланып жатыр екен. Жауап жазуға енді мүмкіндік тауып жатырмын.

“Мұхамеджан пір боп кеткен бе, неге үлкен кісі иіліп тұр” немесе “ыңғайсыз сәтті тосыннан түсірген шығар” дегендей әртүрлі жорамалдар айтылып жатыр екен. Бірден айтайын, “келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” демей ме, Заманбек ағам мен Мақпал жеңгем үйленгенде бетін өзім ашқам, арнаумен дастарханды дүрілдетіп, қазақтың Мақпалының тойын маздаған оттай лаулатқанбыз.

Алматының игі жақсылары куә боп, Фариза апаларымыз бата беріп, керемет кеш өткізгенбіз. Ол күнгідей Заманбек ағамның ерекше қуанған, жүрегі жарыла шаттанғанын одан кейін көрген емеспін”, – деп жазды. 

Айтыскердің айтуынша, сол күннен бастап халық әртісі екеуінің бір-біріне деген құрметі артпаса, кеміген емес. Көрген жерде ізет білдіру әдетке айналған. 



“Содан бері, ардақты ағамның құрметі үшін, қайнылық қақымды құрметпен өтеп, асыл жеңгем көрген жерде ізет жасайды, ілтипатпен ерекше сәлемдесеміз. Оның еш ерсілі жоқ деп ойлаймын. Қазақта қайны жеңгенің еркелігі жарасқан ерекше сыйластығы болған. Аллаға шүкір, сол жолдан, сол сыйластықтан жаңылған жеріміз жоқ. Дәстүрлі тәрбие көрген, қанша елге танымал алтын басты апа болса да, қазақи жолдан жаңылмай үлкенді де, кішіні де сыйлап жүрген, елдің еркесі – Мақпал жеңгеме Алланың нұры жаусын!” – деп жаздыТазабек. 

Айтуынша, өзінің өнерін Заманбек Нұрқаділов көзі тірісінде ерекше бағалаған. Тіпті айтыстағы жанкүйерінің бірі еді. Сондықтан халық әртісінің де өзіне деген сый-құрметі зор. 

“Заманының сұңқары Заманбек ағамыз айтысымды қатты қүрметтейтін еді. Мақпал жеңгеммен арнайы кеп, талай жыр додамызда тақым қысып, рух беріп отыратын. Тіптен 1999 жылы Қарасайдың 400 жылдық мерейтойлық айтысында өз қолынан ақ волга мінгізіп, абыройымызды аспандатқан. Талай төріне отырғызып, термемізді тыңдап, жырымызға жүрек жылытып, қазақ өнеріне қамқор боп жүруші еді. Алла артында қалған Мерейінің бақытын ашсын!” – деді Мұхамеджан мырза.

“Қадірін білсек қазақ қызында қасиет көп қой!”, “Мақпал апамыз үлкен-кішінің бәрімен осылай тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, басын төмен қарата амандасады. Бұл жаңалық емес”, “Мұхамеджан бауырым жаның сау болсын!”, “Керемет көрініс, жауабы одан да керемет”, – деп жазды желідегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр