Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадина Сәдуақасова: Бұл дүниедегі ең жақын адамым қасымда

Мәдина Сәдуақасова жолдасымен татуласты. Әнші біраз уақыт Сәдуақасова отбасынан бөлек кетіп, желіде сезімге толы мұңды жазба жариялап жүрді. Жұбайымен ренжісіп қалған әнші Жаңа жыл қарсаңында татуласқанын айтты.

"Сақалы өсіп, сәл жүдеген болса да, бірақ мен үшін бұл дүниедегі ең мықты, ең сымбатты жан. Жүрегіме ең жақын адам менің қасымда. Бәрі жақсы. Аллаға шүкір", - деп жазды Мәдина ханым желіде.

Әншінің бақытты шағын көрген жұрт оған тілектестік білдірді.

"Жолдасыңды бағала", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

"Бақытты болындар!!!!", - деп жазды Маржан Арапбаева.

"Бақытты болыңдар", - деп жазды Әлия Құдайбергенова.



"Енді сіздерге қыз бала бұйырсын, бақытты отбасы болыңыз", "Қуанып қалдым ғой бірге екендеріңді көріп. Бақытты болыңдар!", деп жазды өзгелері.

Біршама уақыт жұбайынан бөлек кеткен әнші жақын күндері жақсы жаңалығын айтты. Көпшілік әншіні ажырасып кетті деп болжаған еді. Сәдуақасова Жаңа жыл мерекесінде отбасымен қауышып, жолдасымен татуласқанын айтты

Желіде мұңды жазба жариялап келген әнші бұл жолы бақытты шағын көрсетті. 

Талқылау