Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылға барған Мәдина Сәдуақасова сиыр сауып елді таңғалдырды (видео)

Мәдина Сәдуақасова ауыл өмірімен танысты. Әнші Жаңа жылда ауылдағы ағайындарды құттықтап қана қоймай, үй тіршілігіне қолғабыс етті.

Әнші сиыр сауып, бұл әрекетін көпшілікке көрсетті. Видео желіде тез тарады. 

"Ауылға, туысқандарымызға Жаңа Жылмен құттықтауға келгенмін қонаққа, дастархан басында басталған әңгіме ғой “Мадинаға сиырды сауғызайық “ - деген! Дұрыс болды, бірақ! Сиыр жылы сиыр саууды біліп алдым, кім біледі, алда өміріміз қандай болып кететінін. Енді мен де басқа қыздар сияқты "Сиыр сауа білем, оның түк қиыны жоқ“ дейтін болдым-ау", - деп жазды әнші желіде.

Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазды. Олар әнші сиыр жылын сиыр сауып бастады деп болжады. 

"Сауып боламын дегенше иіп кететін болды-ау, қорқып отырғаның көрініп тұр", "Негізі білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз дейсіз ғой", "Жуас сиыр екен. Менің сиырым болғанда, бұлай сауғанда бір-ақ тебетін еді", "Күшті, кәдімгідей суып отыр, Мадина, жарайсың", "Басқаларға жақсы үлгі көрсеттің", "Әнші қыздар жалаңаштанған видеосын сала бермей осындай үлгі көрсетсе ғой", "Бұл жақсы бастама болды", "Бұрын сиыр сауып көрмеген қызға қиын ғой.Қорықпау керек.Ақырындап үйренесің ғой", "Ауылдан шыққан қызсың ғой, не болды шошып?", -деп жазды олар. 

"Марта сиырымыз бөтен адамды сүзеді" деп әбден мені қорқытып тастап еді, кешірерсіздер. Менен болды қателік", - дейді Сәдуақасова тағы бір жазбасында. 

Желідегі кейбір оқырман айқайлап сиырды әбігер еткен әншінің әрекетін сынға алды. 

Талқылау