Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат вице-министрі TikTok-ты бұғаттауға қатысты сұраққа жауап берді

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда TikTok-ты бұғаттауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жоспарда жоқ. Дегенмен кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

"Қазір бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бірақ заң талаптары сақталмаған жағдайда желіге кіруді шектеуге қатысты шаралар қарастырылады", – деді Қанат Ысқақов. 

Сонымен бірге ол министрліктің TikTok өкілдерімен жарияланған контент мәселелері бойынша жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті.

"Бұзушылық түрлеріне келсек, біз ресми өтініштерде контент жүктеген бірқатар адамдардың жалған ақпарат таратуға, балаларға арналған контентке қатысты мәселелерге, жеке тұлғаларды қорлау мен жала жабуға қатысты заң бұзушылықтарды келтірдік. Алайда біз жалпы онлайн платформалардың барлық әкімшісімен жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді", – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министі Аида Балаева әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейгеніне байланысты TikTok әлеуметтік желісі бұғатталуы мүмкін екенін айтты. 

Талқылау