Мәдениет саласында берілетін мемлекеттік стипендия атауынан Назарбаевтың атын алып тастау әзірленіп жатыр
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия атауынан алып тастауға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, енді Тұңғыш Президенттің стипендиялары мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар деп аталады.
Құжатқа түсіндірме жазбада Жарлыққа түзетулер жобасы мемлекет басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау үшін әзірленгені атап өтілген.
- Ерлан Қошанов Назарбаевтан Елбасы мәртебесі қашан алынатынын айтты
- Назарбаевтың білімі туралы жазамын деп сотталған: "ДАТ" газетінің негізін қалаушы елдегі өзгерістерге қатысты ойын айтты
"Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" атауын "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп өзгерту жөніндегі 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-03-12.59 тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді", – делінген президент жарлығының аясында әзірленген жобада.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты