Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігі сахнада балағат сөз айтып, "әдепсіз мінез-құлық" танытқан әртістерге айыппұл салуды ұсынды

Мәдениет және ақпарат министрлігі әртістердің концерт кезіндегі "орынсыз әрекеті" үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pokayadoma.ru

Қаулы жобасына сәйкес, мәдениет министрлігі "мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына" қатысты жауапкершілік енгізуді ұсынды.



Осылайша, департамент жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр.

Бір жыл ішінде осындай бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, бұған дейін 29 сәуірде қазақстандық әнші Қайрат Нұртас тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік. Ол концерт кезінде балағат сөздер айтқан. Осы әрекеті үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған еді.

 

Талқылау