Мәдениет министрлігі департаментінің бастығы ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер департаменті бастығы аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Басшы құны жоғары көрсетілген қызмет актілеріне қол қою және қазақстандық контенттің кинематографиясын мемлекеттік қаржыландыру үшін ақша қаражатын негізсіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деп айыпталып отыр.
Тергеу жалғасып. Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
Күдіктінің кінәсінің дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ