Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі: Бәріміз Денис Теннің аман қалуын тілеп отырмыз

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Алматыдан жантүршігердік хабар келді. Денис Тен ауыр халде жатыр. Ол пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқан. Алматының орталық емханасының дәрігерлері оның өмірі үшін күресуде. Бұл бәріміз үшін қиын жағдай. Қазір Денистің аман қалуын тілеп отырмыз. Өзім тікелей ҚР ІІМ мен министр Қалмұханбет Қасымовпен және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен сөйлестім. Олар пышақ салған адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Жақсы болады деп үміттенеміз», – деп жазды министр желідегі парақшасында.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы оң жақ санының жоғары тұсынан жарақаттанған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Денис Тен 3 литр қан жоғалтқан.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшы кімнің жарақаттағаны анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау