Лукашенко Ресейдің Қорғаныс министрінен Беларуссияны қорғауға кепілдік сұрады
Ресей сыртқы агрессия жағдайында Беларуссияны өз аумағы ретінде қорғайтынына кепілдік беруі керек. Бұл туралы Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Ол Ресей Федерациясының Президентімен соңғы келіссөздердің нәтижесінде олар Беларуссияның қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Шойгудың мамандармен сапары туралы келіскенін еске салды. Лукашенко сол кезде Путинге елдер арасындағы барлық келісімдерді пысықтау қажеттілігі туралы айтты.
"Беларуссияның толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекетаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы қарастыру керек... Жалпы, бұл келіссөздерде Беларуссияға қарсы агрессия жағдайында Ресей Федерациясы Беларуссияны өз территориясы ретінде қорғайтындай болады. Бізге қауіпсіздік кепілдігі қажет", - деді Беларусь Президенті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар