Лукашенко коронавируспен күресте жеңіске жеткенін жариялады
Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі коронавируспен күресте жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Лукашенко 2 шілде күні медицина қызметкерлерін ерен еңбегі үшін марапаттап жатқан кезде айтты.
"Коронавирустық инфекцияға байланысты дәрігерлер алдыңғы қатарда тер төкті... Біздің денсаулық сақтау жүйесі ауыр соққыға төтеп берді. Бұл қиындықты жеңдік дегенмен, біз коронавируспен күресті тоқтатпаймыз. Ал COVID-19-ды түпкілікті жеңген кезде дәрігерлермен міндетті түрде тағы да кездесетін боламыз", - деді президенттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Беларусь елінде covid-19 инфекциясын жұқтырған 62 424 науқас тіркелді.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр