Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко коронавируспен күресте жеңіске жеткенін жариялады

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі коронавируспен күресте жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Лукашенко 2 шілде күні медицина қызметкерлерін ерен еңбегі үшін марапаттап жатқан кезде айтты.

"Коронавирустық инфекцияға байланысты дәрігерлер алдыңғы қатарда тер төкті... Біздің денсаулық сақтау жүйесі ауыр соққыға төтеп берді. Бұл қиындықты жеңдік дегенмен, біз коронавируспен күресті тоқтатпаймыз. Ал COVID-19-ды түпкілікті жеңген кезде дәрігерлермен міндетті түрде тағы да кездесетін боламыз", - деді президенттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Беларусь елінде covid-19 инфекциясын жұқтырған 62 424 науқас тіркелді.

Талқылау