Қостанай облысында төбелесті тоқтатпақшы болған ер адам қайтыс болды
Лисаковск қаласында көшеде төбелескен екі жігітті арашаламақшы болған азамат қайтыс болды.
Бұл туралы «Акцент» аймақтық телеарнасының сайты хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Жанжал қала кафелерінің бірінің маңында болған. Екі жас жігіт сөзге келіп қалып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Төбескен жігіттердің бірінің досы жанжалды тоқтатпақшы болып, оларға араша түскен.
Алайда, оның әрекеті өлімге әкелді. Бір соққы алған жігіт есін жоғалтып, ауруханаға жеткізілді. Ағымдағы жылдың 30 наурызында жасалған отадан кейін 37 жастағы азамат есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Күдікті «өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтірді» деген баппен тергелуде.
Оқи отырыңыз:
Қостанайда құдықтан сәбидің өлі денесі табылды
Ақтаудың тумасы Волгоградта қайғылы жағдайда көз жұмды
ШҚО-да автобус өртенді: Жолаушылар өрттен қалай аман қалғандарын айтты
Көкшетауда әйел гараждан күйеуі мен белгісіз қыздың өлі денесін тауып алды