Лионель Месси ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншысы атанды
Француздық ПСЖ клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 2022 FIFA Football Awards жүлдесін табыстау кеші Париж қаласында өтті.

Сондай-ақ екі француз шабуылшысы, Мессидің әріптесі Килиан Мбаппе мен 2022 жылғы "Алтын доптың" иегері Карим Бензема да жүлдеге үміткерлер қатарында болды.
- ФИФА рейтингі бойынша жылдың үздік ойыншысы: Лионель Месси (Аргентина, "Пари Сен-Жермен")
- ФИФА рейтингі бойынша үздік әйелдер ойыншысы: Алексия Путеллас (Испания, "Барселона")
- ФИФА рейтингі бойынша ерлер арасындағы үздік қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, "Астон Вилла")
- ФИФА рейтингі бойынша әйелдер арасындағы үздік қақпашы: Мэри Эрпс (Англия, "Манчестер Юнайтед")
- ФИФА рейтингі бойынша ерлер арасындағы үздік жаттықтырушы: Лионель Скалони (Аргентина)
- ФИФА рейтингі бойынша үздік әйелдер жаттықтырушысы: Сарина Вигман (Англия)
- Пушкаш атындағы сыйлықтың иегері: Марцин Олекси (Польша, "Варта Познань")
- Fair Play жүлдесі: Лука Лохошвили (Грузия, "Вольфсбергер"/ "Кремонезе")
Айта кетейік, Месси өз мансабында үшінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы жүлдесін алды. Ол бұған дейін бұл сыйлықты 2009 және 2019 жылдары жеңіп алған.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?

