Қазақстан атынан лицензиялық турнирге қатысатын таеквондошылар белгілі болды
Таеквондодан лицензиялық турнирде сынға түсетін Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті
Қазақстандық таеквондошылар Париж олимпиадасының жолдамасын сарапқа салатын турнирде өнер көрсетеді. Қытайдың Тайань қаласында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 4 спортшымыз қорғайды. Атап айтсақ, әйелдер арасында 57 келіде Мария Севостьянова өнер көрсетсе, 67 келіде Жансель Дениз сынға түседі. Ал ерлер арасында Самирхон Абабакиров (58 келі) пен Батырхан Төлеуғали (80 келі) қатысады. Жарыс 15-16 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, таеквондо спортынан Олимпиада бағдарламасына тек сегіз салмақ дәрежесі енген. Бірақ әр командадан төрт салмақта ғана спортшылар қоса алады.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"

