Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Ұлды әлпештеп қызды қатал ұстағандықтан, әлсіз ерлер мен мықты қыздар көбеюде

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұл мен қыз тәрбиесі туралы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінгі аналар ұлдарын артығырақ жақсы көреді, соларға көбірек қамқорлық танытады. Ал салдарынан өз ісіне өзі жауап бере алмайтын, ата-ана мен қарындасқа қамқор бола алмайтын әлсіз еркектер саны артып келеді.

d2a03d3104d27c23a09f96f72097fba9

Фото: lofficiel.kz

Ләйлә Сұлтанқызының «Аналардың балаларға шамадан тыс қамқорлық танытуы» атты блогы Lofficiel.kz басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тележүргізушінің айтуынша, қашан да қыз балаға қонақ ретінде қараған қазақ халқы бұл ұстанымды кері пайдалана бастады. Яғни, «бәрібір өзгенің отын тұтатады» деген аналар бүгінде қыздан гөрі ұлына көбірек көңіл бөлетін болған.

«Бүгінгі таңда аналар ұл балаларды артығырақ жақсы көріп, соларға көбірек қамқор болады деген пікірмен келісемен. Қазіргі заманда қыздардың білімі жоғары, олар табысты, жас әрі ата-анасымен бірге тұрса да, өздерін қамтамасыз ете алады. Яғни қыз қамқорлықты қажет етпейді, ода онсыз да барлығы бар. Бұрынырақта қыз баланың қайда жүргенін, оның жүріс-тұрысын, кіммен араласып жүргенін, оның артық рет ешкіммен сөйлеспеуін әкесі не ағасы қадағалап отыратын. Ал мына заманда қызының немесе қарындасының артынан жүретін ер адамдар аз. Мұндай үрдіс кейбір Кавказ елдері мен Түркияның кей аймақтарында сақталған. Ал біз қыздарға азырақ қамқорлық көрсететін болған сияқтымыз – ол кешкі уақытта үйге өзі қайтады, ауыр сөмкелерді де өзі көтереді. Тіпті, ағасы бар қыздардың өздері солай!

Ал аналардың ер балаларға аса көп қамқорлық танытуы олардың азамат ретінде дамуына кері әсерін тигізеді. Олар өмірдің қатал тәртібіне бейімделе алмай қиналады, жауапкершілікті, маңызды шешімді талап ететін қиын жағдайға тап болса адасады. Қазіргі жігіттер сәнді киініп, өздеріне күтім жасағанды ұнатады. Бұл ретте ұқыпты болу – бөлек әңгіме, ал дүкеннен шықпай қою – бізге, яғни әйелдер қауымына тән қасиет Һәм әдет», – деді ағынан жарылып ол.

Бұдан кейін тележүргізуші әлсіз еркектердің қайдан пайда болатынын түсіндірді.

Ақырында ұлымызды әлпештеп, еркелетіп, мәпелеп өсіреміз, ал қызымызды әбден шынықтырамыз. Сосын ұлымыз үйленген соң, ата-анасын ұмытып, қайын-жұртқа қызмет ете бастаса таңғаламыз! Себебі ата-анаға, әпке-қарындасқа қамқор болу керектігін оған жастай ешкім үйреткен жоқ. Ол тек өзгелерден алатын махаббат пен назарды, материалдық ресурстарды «тұтынып» үйренді. Сондықтан отбасылы болған соң ол жаңа әйелдің «қамқорлығына» өтеді, бар болғаны осы», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Айқын “Димашты Қытайға бармай тұрып қолдамадыңдар” деп сынаушыларға жауап берді

Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Талқылау