Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латын әліпбиіне қашан көшетінімізді айту қиын: Тіл комитеті түсіндірді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов латын әліпбиіне ауысу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ғалымның айтуынша, қазір латын графикасы бойынша жоба дайын, бірақ латын әліпбиіне нақты қай жылы көшетінімізді айту қиын.

"Қоғамда "латын әліпбиін әзірлеушілер үнсіз қалды, қабылданбайтын болды ма?" деген әңгімелер бар, оны әлеуметтік желіден оқып жүрміз. Анығында олай емес, дау-дамайсыз, осындай әдістемелік-зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. "Ы" мен екі "И"-дің таңбалануы бойынша ғалымдар арасында пікір қайшылығы әлі бар. Әрине, Ахмет Байтұрсынов белгілеген 28 таңбамен шығуға болар еді, бірақ тіл де жаһанданусыз тұра алмайды. Тілімізге сырттан енген "В", "Ф", "Һ" дыбыстарын қалдыру керек пе, қалдырмасақ "футбол" сөзін қалай атап, қалай жазамыз деген мәселе бар. Әріпті қалдыру сырт көзге оңай көрінгенімен, бәрі емле ережесіне сай келуі керек. Сондықтан, ғылыми-сараптау жұмыстарын күшейтіп жатырмыз", – деді Ербол Тілешов.

 

 

Талқылау