Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лара: Кіп-кішкентай Ақботаға Алла қаншама сынақтар бергеніне таңғаламын

Қазақстандық әнші Лара Рысбай Ақбота Сейтмағамбетпен кездесті. Құрбысымен ортақ қызықты шақтарды еске алысты. Студент кезін еске түсірді. Жасөсірім шақтан бірге жүрген құрбысы Ақботаның үлкен сынақтарды бастан кешкенін айтты. 

"2013 жылдары болашағымыз дәл қазіргідей боларын білмеген едік, жатақханада бір бөлмеде шатаспасам 1,2 ай бірге тұрып, Big bon ішіп, нанға майонез жағып жеп, бір нанды бөлісіп жеп, сол күнімізге шүкір етіп жүрген арманы асқақ студенттік кезімізді күліп еске алдық. Одан кейін Ақботаның өмірінің әрбір тармағымен хабардар болып жүрдім.

Білесіздер ме, кіп-кішкентай қызға Алла қаншама сынақтар бергеніне таң қаламын. Ең бастысы ешқашан өмір сынақтарына сынып қалмай, тік тұрғанына, әр сәтсіздікке сабырлығымен, ақылдылығымен шешім шығарып, күлімдеген көзімен өзінің мықтылығын дәлелдегеніне қуанамын. Боташка, жаным шында да сен мықты қызсың, мықты әйелсің! Алла саған берген сынақтарына жауап ретінде, бағыңды еселеп беруден талмасын! Бақытты бол жаным!, - деп жазды Лара. 



Желі қолданушылары Ақботаны қолдап, ақ тілегін үйіп-төкті. 

"Сондай сүйкімді қыз. Ақботаға жеңілдік берсін деп тілеймін. Ол шығармашылық адам, сезімге берілгіш. Қазір оңай емес. Ажырасу кімге болса да оңай емес", Бәрі Алланың алауымен болады, тағдырдан озмыш жоқ", "Отбасылы азаматпен кездесіп несі бар еді?", "Өнер адамдарының сезімге тұрақтылығы жоқ", - деп жазды олар. 

Ақбота мен Дәурен жақын күндері ресми түрде ажырасқандарын айтты. Желідегі жанкүйерлері бұған сенбестік білдірді. Нақты себебін айтпағанымен жұлдызды жұп екі жаққа кетті. 

Талқылау