Қазақстанда мәдениет қайраткерлерін қолдауға арналған тағы бір сыйлық тағайындалады
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгеге тең.
Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.
Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.
Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар