Қызылордада қала орталығындағы шырша ойыншықтарын ұрламақ болған тұрғын ұсталды
Қызылордада бейнебақылау камерасының көмегімен шырша ойыншықтарын ұрламақ болған тұрғын ұсталды.

Облыстық ІІД-ның баспаөз қызметінің мәліметінше, 19 қаңтар күні түнгі уақытта кезекші инспектор бейнебақылау камерасынан ер адамды байқап қалады. Ол шырша ойыншықтарын ұрлап, көлігімен жасырынбақ болған.
Ол жерге полицейлер жасырын барып, 1982 жылғы азаматты ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бейнебақылаудың көмегімен жыл басынан бері 8 қылмыс ашылып, 1606 әкімшіліқ құқық бұзушылықтар анықталған.
Жіберіп алмаңыз:
Мамандар демалыс күндері елімізде қар жауып, күшті жел соғатынын айтты
Өскеменде аула сыпырушы бала-бақша маңынан сілеусін тауып алды
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық