Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай жұртшылығы финал алдында Димашқа ерекше қолдау білдіріп жатыр

Қытайда Димашқа деген құрмет ерекше. “31 арна” ұжымы арнайы Чанша қаласына барып, финалға дейінгі әсерді байқап қайтқан.

hgf

Бұл туралы арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметі хабарлады.

Арна тілшісінің айтуынша, 8 миллион тұрғыны бар Чанша қаласы жобаның финалын тағатсыздана күтіп жүр.

Әуежайдан орталыққа жеткенше жол жиектері мен көшелерде хабарландырулар мен қатысушылардың суреттері көптеп ілініпті. Мұндағы әлеуметтік желілерде байқаудың жарнамалары тоқтаусыз таратылып, көпшілік қатысушыларды қолдап, пікір жазып, болжам жасауда. Ал Димаштың танымалдылығы, шынымен ерекше. Көшеде кезіккен әрбір тұрғын ол жайлы бірден мақтай жөнеледі.

“Қазақ студенттері келіп, қолдап тұрамыз. Осындағы қытай қыздары да оны ерекше жақсы көреді”, – дейді тұрғын.

Қазір ән доданың басты фавориті Димаш Құдайбергенов ұпай бойынша екінші орында тұр. Бірақ үздік әншіні финалдың көрермендері дауыс беру арқылы таңдайды. Олардың жартысы ер, жартысы әйел адам. Ерекшелігі сол, көрермендер Қытайдың әр өңірінен шақыртылған кәсіби музыканттар болмақ.

Димаш әйгілі қытайлық әнші Шан Венжемен бірге өнер көрсетеді. Музыкалық шоу басталғалы басы-қасында жүрген Димаштың досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов шешуші сәттегі сайыс ережелерін түсіндіріп берді.

“Дайындық өте қызу жүріп жатыр. Бірінші финал күнінен бүгінге дейін 8 әнші қалды. Сегізінің кіммен жұп болып өнер көрсететінін барлығы біліп отыр”, – деді Алпамыс.

Жүрегі қобалжып, ұлының тілеуін тілеп жүрген әкесі Қанат Айтбаев “Мен әншімін” байқауы, ертеңгі финал – Димаштың өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі” дейді. Әрі үміт пен сенім артқан барлық қазақстандықтарға шексіз алғысын білдірді.

“Діттеген мақсатымызға жеттік деп айтуға болады. Қолдау жасап жатқан, рухани демеу жасап жатқан қазақстандық азаматтарға, ағайынға, осы Қытай өңіріндегі жанкүйерлерге алғысымыз шексіз”, – деді Қанат Айтбаев.

“31 арна” Чаншаға Димашқа жанкүйер ғана болып бармапты. Телеарна болашақта “Хунань тв-мен” бірге жаңа жобаларды қолға алуы да мүмкін.

“Хунань тв” арнасының басшыларымен бүгін кездесу болады. Кездесуде бірнеше келісімге келеміз деп ойлаймыз. Ең біріншісі, ол бірге қосылып жоба жасау. Димаштың атын ары қарай Қытайдан да басқа жерге, жер жүзіне тарату”, – деді “31 арнаның” Бас директоры Бағдат Қожахметов.

Чанша қаласына жергілікті жанкүйерлерден өзге, елдің әр аймақтарынан және Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия республикаларынан қолдаушылар үсті-үстіне ағылып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Бибігүл Төлегенова Димашқа сәттілік тілеп батасын берді (видео)

Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)

Ернар Айдар есін жиды

Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)

Талқылау