Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

Қытайдағы “Мен әншімін” байқауы аяқталғаннан кейін елге оралған Димаштың анасы Светлана Айтбаева бір қызықты оқиғаны баяндап берді.

6565

Бұл туралы “Ақтөбе” басылымы хабарлайды.

Финал алдында Димашқа Си Си атты қытайдың бойжеткені әдемі сый жасапты.

IMG-20170421-WA0010_result

Ол бір ай бойы тапжылмай отырып, ұсақ моншақтардан Димаштың портретін жасаған. Финалға дейін үлгере алмай қалам ба деп қатты уайымдаған көрінеді. Үлгеріп, дәл шешуші сынның алдында сүйікті әншісін қуантқанына өзі де мәз болыпты.

рпа

Сол сыйлықты елге алып келмек болған Светаны әуелі Чанша әуежайы қызметкерлері жібермей, біраз кідірткен. Өйткені әуежай тәртібі бойынша биіктігі 1 метрден асатын портретті ұшаққа алып кіруге болмайды.

IMG-20170421-WA0009_result

Алайда Чаншада Димаштың фанаттары шулап жүріп, Светаны арнайы қызыл жолақтан өткізіп, қолындағы портретпен бірге ұшаққа мінгізіп жіберген. Бірақ Үрімшідегі әуежайда портретті өткізбей қойыпты. Қазір оны тілеулес жандар автобуспен алып келе жатыр екен.

Оқи отырыңыз:

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Ернар Айдар ауруханадан шықты

Жұлдыздар Instagram-дағы жарнама үшін қанша сұрайды?

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Талқылау