Құстар Air Astana ұшағын зақымдады
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келген Air Astana ұшағының қанатшасын құстар зақымдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгін KS9960 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын рейстен кейінгі тексеру барысында зақымданғаны белгілі болды. Құстардың ұшақ қанатына соғылған іздері табылды”, – деді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы жөндеу жұмыстарын Air Astana инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізетінін атап өтті.
Айта кетейік, бұл құстарға қатысты бірінші жағдай емес. 18-23 тамызда Air Astana әуе компаниясының екі ұшағының қозғалтқыштарынан құстардың соғу іздері табылған болатын.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды