Құс тұмауы: Ақтау маңындағы көлде 30 аққудың өлексесі табылды
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Ақтау маңындағы Қаракөл көлінің маңынан табылған 30 аққудың өлімінің себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарақия-Қаракөл табиғи резерватының инспекторлары 21 желтоқсан күні күзет жұмыстарын жүргізу кезінде аққулардың өлексесін тапты. 23-24 желтоқсанда көл маңынан тағы да бірнеше құс өлекселері табылды. Аққулардың бұлай қырылуының себебін анықтау үшін экологтар сынама алды.
“Ветеринариялық іс-шаралардың қорытындысы бойынша өлген құстардың өлекселерінен алынған сынамалардан құс тұмауының вирусы анықталды. Қазіргі уақытта Қаракөл көліндегі жағдай тұрақты. Мемлекеттік инспекторлар қорық аумағын бақылауда", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінде жүз келіге жуық балық қырылғанын хабарлаған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі