Құс фарикасын басқарған: Мұсабаев Азаматтық авиация комитетінің басшысын бұл саладан хабары жоқ деп айыптады
Ұшқыш Талғат Мұсабаев отандық авиация басшылығында бұл саладан мұлдем хабары жоқ, білімсіз тұлғалардың отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Басшылықта авиацияда жұмыс істегені былай тұрсын, орта және жоғарғы білімі жоқ адамдар отыр. Сондықтан есеп берудің сапасы да төмен болары анық. Авиация Комитетінің басшысының авиациялық білімі жоқ. Бұл қызметке келмес бұрын құс фабрикасының басшысы болып жұмыс істеген”, – дейді Талғат Мұсабаев.
Мұсабаев қазақстандық ұшқыштар шетелдік әріптестеріне қарағанда үш-бес есе аз жалақы алып отырғанын айтып, бұл кемсітушілік екенін мәлімдеді.
Отандық авиация саласында көптеген мемлекеттік функциялар жеке меншікке өтіп кеткен. Экономикалық бақылаушы Денис Кривошеевтің пікірінше, бұл саланың жеке меншікке өтуі отандық авиацияның дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"