Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Еуропа азаматтық авиация конференциясына кірді

Қазақстан Азаматтық авиацияның Еуропалық конференциясының (ECAC) бақылаушысы мәртебесін алған ТМД елдерінің бірі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті меморандумға индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиация әкімшілігі қол қойды.

"Ынтымақтастық ұшу қауіпсіздігі, апаттарды тергеу, авиациялық қауіпсіздік, қоршаған орта және халықаралық азаматтық авиацияның басқа салаларын қамтиды", - деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Еуропалық коференциясына кіру үшін бес жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Байқаушы бола отырып, Қазақстан жалпы еуропалық деңгейде біздің ел үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Маңызды мәселелердің қатарында қазақстандық тасымалдаушылардың ұшу қауіпсіздігі, ұшу географиясын кеңейту, экологиялық проблемалар, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері бар.

Байқаушылар барлық ашық кездесулер мен конференцияларға қатысатыны атап өтілді.

Конференцияға мүшелік персоналды оқыту және еуропалық стандарттарды бейімдеу процесінде техникалық көмек алуға, азаматтық авиация саласындағы ішкі заңнаманы еуропалық заңдармен үйлестіруге мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар, біздің авиация билігінің ECAC-та болуы Қазақстанның азаматтық авиациясының тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануын қамтамасыз етеді. Отырысқа бақылаушылар ретінде қатысу Еуропалық Комиссия, EASA, Eurocontrol, сонымен қатар басқа да аймақтық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта", - деп хабарлады комитет.

Қазақстанның авиация билігі болашақта Еуропалық конференцияның толыққанды мүшесі болуды жоспарлап отыр. Бұл тек мүше мемлекеттер үшін жабық отырыстарға қатысуға мүмкіндік береді және Қазақстанда азаматтық авиацияның еуропалық стандарттарын енгізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

Еуропалық азаматтық авиация конференциясы (ECAC) - 1955 жылы құрылған үкіметаралық құрылым. Оның құрамына Еуропалық Одақтың барлық елдерін қоса алғанда, 44 мүше мемлекет, сондай-ақ ТМД елдерінің ішінде Әзірбайжан мен Армения кіреді.

Талқылау