Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бос әурешілік": Авиация әкімдігі коронавирусқа тест тапсырудан бас тартуды ұсынды

Ұшаққа отыру үшін коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ. Еліміздің авиациялық әкімшілігі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің COVID-19 инфекциясына байланысты ПЦР тексеруден өткендігі туралы құжаты болуы керек деген талапты қайта қарастыруды ұсынды.

Оның орнына әуежайға кіреберісте арнайы бекет орнатып, сол жерде-ақ дене қызуын өлшейтін және экспресс-тестілеу құрылғыларын орнатуға болады дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Евразия" арнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жолаушылардың жаппай анкета толтыруы да нақты мағлұмат бермейтін бос әурешілік дегенді алға тартып отыр.

Бұдан бөлек, ұшақ ішінде жолаушыларды бір орын тастап отырғызу мәселесі де талқыға салынды. Мамандардың айтуынша, бұл ауырлық центрінің ауытқуына әкеліп, ұшу кезінде қауіп тудыруы мүмкін.

Авиациялық әкімшілік тасымалдаушы үшін экономикалық тұрғыдан да қиындық тудыратын бұл тәртіпті алып тастап, бәріне бірдей маска мен қолғап киюді міндеттеудің өзі жеткілікті деп санайды. Ал, Бас санитар Айжан Есмағамбетова болса мұның бәрі халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалып жатқанын мәлімдеп, вируспен ойнауға болмайтынын айтты.

Бұған дейін карантин кезінде әуе жолаушыларына арналған ережелерді хабарлаған едік.

Талқылау