Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Талғамсыз образ": Құралай Нұрқаділова Димаштың тыңдармандарының құрбаны болды

Құралай Нұрқаділова Димаштың тыңдармандарының құрбаны болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желідегілер Димаш Құдайбергеннің МУЗ-ТВ премиясында қызыл кілемді жүріп өткен образын қатал сынға алды. Салтанатты рәсім үшін ол ерекше киім үлгісін таңдаған. Димаш кілемше бойымен өте сәнді сұр костюммен жүріп өткен. Пиджакта оның атының (Di) бірінші әріптеріне "айналатын скрипкалы кілт бейнесіндегі кесте тігілген.  Өнер иесінің тыңдармандары белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділованың еңбегін жоққа шығарып, тігіншінің парақшасында көптеген жағымсыз пікірлер қалдырған.

"Ханзадамызды қорқынышты қылған кім?", "Мына торлар мен тастарды Димаштың үстіне жабыстырып қойған қайсысың?", "Димашқа бұл киім ыңғайсыз болған сияқты", "Образ  дұрыс тігілмеген", "Жақсы жігітті шал сияқты киіндіріп қойғаныңыз не?", "Қолыңызды жұлып алу керек", "Димашқа жақындамаңыз" - деп ашуланып жазды жұрт.

Бұл оқиғадан кейін он екі жылдан бері өзінің ерекше талғамымен талай өнер адамын сахнада жарқыратқан Құралай Нұрқәділованың қарымы басылмақ емес. Дизайнерің айтуынша бұл тыңдармандарының махаббатындағы асыра сілтеушілік. Белгілі сәнгер бұл оқиға таныла түсуіме себепкер болды дейді.

"Бұл шығармашылық тұрғысынан алып қарағанда қалыпты құбылыс. Көзсіз ғашықтықтың теріс жағы болады. Тыңдармандар махаббаттарын кері бағытқа өзгертіп, тіпті өшігіп алуы да мүмкін. Біріншіден, мен ешкімнің қалауын орындауға міндетті емеспін. Екіншіден, бұл мені шабыттандыра түсті. Тек танымалдылық жетіспей жүрген еді. Халық өзі танымал етті", - деп жауап берді Құралай Нұрқаділова.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген биылғы "Муз-ТВ" музыкалық сыйлығын табыстау рәсімне арнайы шақыртылған қонағы болды. Әнші Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" атты туындысын шырқаған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр