"Құны – 7 миллион теңге": Төреғали Төреәлі әйелінің туған күніне бағалы сыйлық берді
Жақында алтыншы рет әке атанған Төреғали Төреәлі жарының туған күніне ерекше сыйлық тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali
Өнер иесі туған күнді ата-анасы және балаларымен ғана атап өтті.
“Көлік мінгіздік кезінде келінімізге. Енді туған күніне әрі Төреахметімізді дүниеге әкелгені үшін деп Төреш үшеуміз барып сыйлық алдық. Мен таңдадым, енді келінім ұната ма, ұнатпай ма білмеймін. Көрейік енді", – деп әншінің анасы сыйлығын көрсетті.
Өнер иесі нарықтағы құны 7 миллион теңге тұратын Cartier білезігін жарына сыйлады.
Енесі де келінін құшақтап "дүние тозса да, өзің тозба" деген тілегі желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті.
"Жеңгеміздің мойны алтынға тола берсін”, “Әулет деген осындай болуы керек”, “Келіні де, енесі де керемет жандар. Ене мен келін деген осындай-ақ болсын", "Толқынды көрсем, жылағым келеді. Сондай таза көңіл, адал ниетті қыз!" деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, "Перзентхана – екінші үйім" деп Төреғали Төреәлі алтыншы рет әке атанып, халықтан сүйінші сұраған еді.