Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр
Елордада ішінде алтын унитазы бар зәулім үй сатылымға шығарылды. Сегіз бөлмеден тұратын баспананың құны 1,4 миллиард теңгеге бағаланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарландыруда көрсетілгендей, зәулім үй 2015 жылы салынған екен.
Үйдің аумағы 1 200 шаршы метрді құрайды. Баспананың бір ғана асүйінің аумағының өзі 40 шаршы метр болады екен.

1,4 миллиард теңгеге бағаланған үйдің өз саунасы мен бассейні бар.
Хабарландыруда көрсетілген суреттерге қарағанда, үйдің ішінде кемінде 4 санитарлық бөлме бар. Олардың бірінде алтын немесе алтын жалатылған унитаз орнатылыпты. Дәл осы сурет аталған сайт редакциясының назарын аударған.
Суреттерге қарағанда, иесі үйдің интерьерін венециялық стильде жасағысы келген сыңайлы. Себебі сән-салтанатты үйге көлемді люстралар ілініп, тіреуіштер орнатылған. Сонымен қатар барлық дерлік бөлменің интерьері алтын түспен көркемделіпті.

Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”