Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлсарыда су тасқынынан кейін өтемақы талап еткен тұрғындардың митингі аяқталды

Құлсарыда бір аптаға созылған митинг аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жылыой әкімдігінің баспасөз қызметі

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі митинг аяқталып, тұрғындар тарқасқанын айтты. Бейбіт жиынға қатысушылардың шатырлары алып тасталды. Барлық қоғамдық орындар әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

“Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау қорытындысымен таныстыру мақсатында мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Мәдениет үйінде бағалау нәтижесімен келіскен әкімдік пен қала тұрғындары арасындағы келісім-шарттар жалғасты”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Құлсарылықтарға №20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік қолдау көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Құлсары тұрғындары Жылыой аудандық әкімдігінің алдына түнеп шыққан еді. Олар әкімдік талапқа келіспесе, Теңізге баратын жолды жабатындарын мәлімдеді. 

Талқылау