Құлсарыда бір апта бұрын су тасқыны кезінде жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, 4 ауыл Автожолшылар ықшам ауданы тұрғылықты мекенжайынан 1 км жерден, 8-мектеп аумағының сыртынан 2000 жылы туған Нұржауов Асылхан Болатбекұлының мәйіті судан табылды” , – деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жігітті іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 бірлік техника, 6 жүзу құралдары жұмылдырылған.
Бұған дейін Жылыой ауданы Құлсары қаласында 48 жастағы ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған еді. Кейін олардың көлігі табылған. Трактор жолдан шығып, аударылған делінеді.
Бүгін әкесінің денесі олардың үйінен 1 шақырым қашықтан табылған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді