Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлсары қаласындағы бірнеше ауданды су басты

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы су астында қалды. Жергілікті халық "вахталық поселок" деп атап кеткен аумақ маңы тұтас суға кетті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған скрин

Әкімдіктің мәліметтеріне сүйенсек, мәселе қаланың солтүстік-шығысындағы "Достық" ықшамауданы жөнінде болып отыр. Ақпаратқа қарағанда, қалада су басқан өзге аумақтар да бар. Орталық базар аумағын да су басқан. Бүгін, 5 сәуірде Құлсарыны кесіп өтетін Жем өзенінің сағасы Құрсай өзені тасығаны хабарланған. Стадион аумағы мен Жадырасын ықшамауданын да су басқан.

Елдімекенді су алғанға дейін өткен жұмада таңертең әкімдік "Атырау" ықшамауданы, 4-аумақ, "вахталық поселок",  Атырау облысында Жем өзені тасып, салдарынан Құлсары ішінде Жем өзенінен бастау алатын Құрсай өзегі арнасынан шығып, қаладағы Жадырасын, Аэропорт, 2-, 3-ауыл ықшам аудандарын су басып жатыр.

Жылыой ауданы әкімдігі Құлсарының № 1, 5, 6, 8, 9, 16 және 18 мектептерінде тұрғындарды қабылдау үшін эвакуациялау пункттері ашылғанын хабарлайды. Құлсарыдан келген мына видеода бір әйел "үйім суға кетіп жатыр" деп жылап тұр.

"Автокөлік" ықшам аудандарына су басу қаупі төнгенін хабарлаған еді. Сол кезде 202 адам эвакуацияланғаны (86-сы бала) хабарланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің жергілікті ведомстволары, полиция, әскери бөлім және төтенше жағдайлар қызметкерлері қатысуымен тәулік бойы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 



"Топансудың бетін қайтаруға 323 адам, 142 бірлік техника және 4 540 ерікті мен жергілікті тұрғындар жұмылдырыды", – делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар әкімдік бес вагоннан тұратын жолаушылар пойызы Құлсары қаласынан Атырау қаласына халықты тегін тасымалдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Айта кетейік, 5 сәуіргі жағдай бойынша 9 өңірде су тасқыны қаупі әлі сейілмеген. Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланған. Бұл жөнінде үкімет хабарламасында айтылған. Су тасқыны басталғалы бері тасқын аймағынан 19 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысында 2024 жылы 1 сәуірде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Тиісті шешімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды. Ресейден бастау алатын бес трансшекаралық өзенде су деңгейі көтерілген. Соның салдарынан Қазталов және Жанғалы аудандарына құятын Қараөзен мен Сарыөзен өзендерінің су деңгейі көтеріледі. Қазір бұл аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 

Талқылау