"Құлаққап тағып, байқамай қалған": Оралда жас жігіт пойыз астына түскен
Пойыз Нұр-Сұлтаннан Орал қаласына қарай бет алған. Ал төтенше жағдай орын алған жерді адамдар бұрыннан бері “өтпелі жол” еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәлімдегендей, жас жігіт құлаққап тағып, пойызды байқамай қалған. Жедел жәрдем оқиға орнына тез келіп, жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған ашық бас миының жарақаты диагнозын қойды. Бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмаған.
“35 минут ішінде реаниматолог, нейрохирург, травматолог және басқа да аралас мамандар бар мультидисциплинарлық команда оның өмірі үшін күресті. Бірақ барлық өткізілген іс-шараларға қарамастан, әрине, алынған жарақаттардың ауырлығын ескере отырып, науқас, өкінішке қарай, қайтыс болды”, – дейді Көпсалалы аурухананың медициналық бөлімі директорының орынбасары Самал Нұрғалиева.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"