Қыдырәлі Болманов Голливудтағы күндерін сағынышпен еске алды (видео)
Күні кеше Қыдырәлі Болманов пен оның “Ұлытау” тобы Сәтбаев қаласында концерт қойып қайтты. Продюсер аталған концерттен алған әсерін Голливудтағы күндерімен салыстырды.
Сурет: Қыдырәлі Болмановтың жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Ұлытау туған- жер! Жақсы Сәтбаев қаласының туған күні қарсаңына 15-тұрғын үй тұрғызылып, тағы 25 үйдің негізі қаланып, 5 этажды 40 тұрғын үй салынбақ. Игі істер көп екен. Соның бірі -бүгін ашылған Ұлытау қонақ үйі. Ұлытауға барып, Жошы Ханның мазарына соғып, көптеген тариxи жерлерді аралайтын “туристерді ” күтіп алып, шығарып салу, Ұлытауға алып бару, таныстыру, орналастыру, ұйымдастыру шараларымен айналыспақ. Керемет! Алты Алаштың Ұлытауы да осында! Ұлытаудың тобы да осында. Ұлытау қонақ үйі де, Ұлытаудың ұлы да осында. Өйткені бүгін Сәтбаев атамыз сынды ұлы тұлғаның атымен аталған Сәтбаев қаласының туған күні! Құтты болсын! Осыншама игі істерге бас болып, аз уақытта көп шаруаны ретке келтірген Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Абылайұлына халықтың атынан алғыс білдіреміз! Туған күніңіз құтты болсын! Біздер алыста Астанамызда жүрсек те, елге, кіші Отанымызға алаңдап отырамыз. Ел үшін атқарып жатқан игі істеріңізге береке, әр отбасына бақыт, ырыс-құт тілейміз!” – деп құттықтады продюсер сәтбаевтықтарды.
Ары қарай халықтың ыстық ықыласын ерекше бағалап, бір кездері АҚШ төрінде өнер көрсеткен күндерін еске алды.
“2001 жылы Голливудта Ұлытау тобымен Гран-при алған кезде, қолымызда туымыз болмағаннан соң, көк байрағымыздың орнына домбырамызды аспанға көтеріп, саxнаға көтерілген болатынбыз. Міне, Сәтбаев қаласының туған күні мерекесіне арналған концерттен соң, домбырамызды көкке көтеріп, халықтың арасынан өтіп, тура сол сәт туған жерде қайталанғандай болды. Елге раxмет! Қайта айналып келгенше, амандықта болыңыздар”, – дейді Қыдырәлі Болманов.
Жіберіп алмаңыз:
Жұлдызды төрттік: Ләйлә Сұлтанқызы әншілермен бірге қыз ұзатты (видео)
Баян Есентаева инстапарақшасын екі жылдан бері үзбей оқып жүрген ақтөбелік оқушы қызбен кездесті
Аша Матай: Қалталы “көкелердің” өз қыздарымен жасты арулармен көңіл қосуы дұрыс емес
Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?