Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Нұр-Сұлтанда құдықтан өлі күйінде табылған Бақдәулет Өмірханның анасы алғаш рет сұхбат берді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

13 жасар Бақдәулеттің құдыққа батып, суықтап қалғанынан көз жұмғаны айтылған еді. Алайда адвокат Василий Садықов сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады. Себебі оқушының қаны табылған жоқ. 

"Гликоген адам ағзасынан тез арада жойылып кетпейді. Ол біртіндеп азаяды. Бұған қарап біз оқушының кем дегенде 10 сағат бойы жанталасқанын байқауға болады. Егер бала бірден суға батып кетсе, қаны табылар еді", - деді ол.

Ал, марқұм баланың анасы кінәлілердің жазаланғанын қалайды. 

"Менің балам мектептің жанында өлді. Құдықтың қабырғасынан баламның қолының ізін көрдім. Ол судан шығуға талпынған. Коммуналды кәсіпорын халықтың өміріне немқұрайлықпен қарамауы керек. Кінәлілер жазасын алсын. Менің баламның орнында басқа бала да болуы мүмкін еді", - анасы Перизат Шынықбаева.

Айкөмек орталығы елордадағы барлық құдықтарды бақылауға алды. Қаланың тұрғыны көп мекен-жайындағы құдықтардың ішіне құрылғы орнатады. Ол қақпақтың ашық не жабық тұрғанын хабарлайды. Мұны онлайн жүйеде тексеруге болады. Алайда құрылғының қымбаттылығына қарай бәріне бірдей орнату мүмкін болмай тұр. 

Айта кетейік, елордада жоғалып кеткен 13 жастағы жеткіншектің денесі кәріз құдығынан табылды

Талқылау