Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күзетшімен жүру сенің не теңің": Дариға Бадықова халықтан қолдау сұрады

Танымал актриса Дариға Бадықова халықты өзінің шығармашылығын қолдауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Актрисаның тырнақалды туындысы “Таптым-ау, сені” фильмі рекорд орнатқан еді. 

“Етегімнен тартпаңдаршы! Күзетші сенің не теңің деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма?! Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. “Мейрамхананың тауып берген күзетшілері ғой, біздің дым қатысымыз жоқ” деп ақталды демеңіздер! Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап күзетшімен жүргенге не жетсін?! Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай!”, – деп өкпе-назын айтты актриса.



Сонымен қатар ол фильмінің екінші бөлімін түсіріп жатқанын да хабарлады. Актриса оқырман қауымды жуырда жарық көретін туындыны және өзінің шығармашылығын қолдауға шақырды.

“Құрметті көрерменім-ау! Жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: “Ой сендер сондай, сендер мұндай” деп артқа тартпайықшы! Неге десеңіз, біз –  көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайықшы. Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда салымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық! Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой!”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары актрисаны қолдап, “халықтың сөзіне мән бермей, кино түсіруді жалғастыра беріңіз” деп жазып жатыр. 

Еске салайық, Дариға Бадықова киносын сынаған танымал кәсіпкерге жауап бергенін жазған едік. 

Талқылау