"Күйеуіңіздің не үшін онда тұрғанын айтпайсыз ба?": Әнші Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің жарына шүйлікті
Фото: https://www.instagram.com/indiraelemes
Танымал әнші Индира Елемес марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызына қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің сөзінше, сұхбатта оның сөздері бұрмаланған, салдарынан қоғамда қате пікір қалыптасып отыр.
“КТК арнасын неге қазбаламайсыздар? Менің аузымнан “студияда қайтыс болды” деген сөз шықпады. Айсұлу, олай бұрмалаудың қажеті жоқ. КТК арнасы барлық видеоны көрсетсін, сонда қалай айтылғанын көресіздер. Жетер енді, не үшін бұл жерде тұрды күйеуіңіз, соны айтпадыңыз ба? Менің айтпаған сөзіме айналып келіп қадала бермей, өз өміріңізді сүріңіз. Не айтса да, нақты фактпен сөйлесін!” – деп жазған ол.
Айта кетейік, композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда көз жұмған еді.
Ал былтыр қазанда марқұм сазгердің ұлы да дүниеден озды.
2024 жылы 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған еді. Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия. Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның белгілі сазгері марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында композитордың өліміне қатысты сауалдарға алғаш рет ашық жауап беріп, композитордың жертөледе емес, зауытта көз жұмғанын айтқаны хабарланған еді.
“Екі қолы байлаулы, аяғы жерде тұрған”: Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты