Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында көп балалы ана жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен

Атырау облысында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған. Жәшікке салынған нәрестенің өлі денесін тәртіп сақшылары жас босанған әйелдің үйінің маңынан тауып алды. Безбүйрек ана мұндай қадамға неге барғанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

мусор

Оқиға облыс орталығынан 250 шақырым жердегі Сағыз ауылында болған. Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты таппаған. Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп іздеуге кіріседі.

Үй маңын тінткен кезде қоқыста жатқан нәрестенің өлі денесі табылған.



35 жастағы келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, дәрігердің есебіне тұрмаған екен. Қазір безбүйрек ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеліп жатыр.

"Гинекологтар қарап, жас босанғанын анықтады. Келесі күні баланы берген жоқ. Нәрестені іздегенде өзінің тұрғылықты жерінен 100 метр жерде қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды. Әйел үйінің дәретханасында босанған. Баланы қарап, оның толыққанды, биологиялық дамыған бала екені анықталды", - деді Қызылқоға ауданының прокуроры Досбол Бағытжанов.

Талқылау