Жантүршігерлік жағдай: Атырауда алты айлық сәби жылыту құбырына құлап күйіп қалды

Атырауда алты айлық бала жылыту құбырынан зардап шегіп, қатты күйіп қалған, деп хабарлайды Прикаспийская коммуна басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Баланың ата-анасы қызды қараусыз қалдырған. Ұйқысынан оянған қыз домалап, жылыту құбырына жақындап кеткен. 

Алты айлық сәбидің жамбас, бел аумағын қатты күйік шалған. 

Жергілікті бөлімнің дәрігерлері пластикалық ота жасаған. 

"Бүлдіршін B санатындағы күйік алған. Пластикалық ота жасадық, бірнеше күн ол жансақтау бөлімінде болды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жаман емес, жақын арада ауруханадан шығарылады", - деді облыстық балалар ауруханасының күйік шалу бөлімінің меңгерушісі Руслан Жанбекеев.

Қорқыныштың бәрі артта қалса да, баланы енді ұзақ уақытқа созылатын емдеу процесі күтіп түр. 

Қазіргі күні бөлімде 20 кішкентай науқас емделуде. Дәрігерлер ата-ананы алдын алу үшін ең сорақы әрекетке барып отыр, зардап шеккен бүлдіршіндердің фотосын жариялап жатыр. 

Жылудың әсерінен зардап шеккен пациенттерге тез арада көмек берілмесе, бұл қайта қалыпқа келтірілмейтін зардаптарға әкелуі мүмкін. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр