Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйелдің әрекеті желіде қызу талқылануда (видео)
Павлодар облысының тұрғыны күйеуін бұзақылардан қорғап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған видеоға екі баласы және әйелімен келе жатқан ер азаматқа әлдекімдердің жабылып кеткені байқалады. Куәгерлердің сөздерінше, екі жігіт келе жатқан ер адамды құлатып, соққының астына ала бастаған. Бұған шыдамаған батыл әйел күйеуіне араша түсіп, бір бұзақыны шашынан сүйреп, екіншісін итеріп жібергені көрінеді.
Қазіргі таңда бейнежазба тексерілуде.
"Қазіргі таңда видеодағы азаматтардың тұлғасы анықталып, Ақсу қаласының полицей бөліміне жеткізілді. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес, бір шара қолданылады", - деді өңірлік ПД өкілдері.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен