Күйеуімен дуэт орындаған Баян Алагөзова жұртты тәнті етті
Отандық шоу-бизнестегі ерлі-зайыпты дуэттердің қатары Баян және Тұрсынғали Алагөзовтермен толықты. Белгілі продюсер өмірлік серігімен бірге танымал ресейлік әнші Валерий Меладзенің әнін орындап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен демалыста Тұрсынғали Алагөзов туған күнін тойлады. Осы ретте Алагөзовтер жақындарының басын қосып, думанды кеш ұйымдастырды.
"Кеше ұмытылмас күн болды, менің жолдасымның туған күні! Бұл бір ғажап болды", – деп бөлісті Мақсатқызы.
Кеш барысында Тұрсынғали мен Баян ресейлік әнші Валерий Меладзенің "Салют, Вера" әнін орындады. Аталған сәттің видеосын Мақсатқызы Instagram парақшасына жүктеді.
Көпшілік әннің екеуіне жараса кеткенін айтып, тәнті болды.
"Сізді апа деп кім айтады, керемет сұлусыз", "Махаббаттарын сатпаған, махаббаттан қорықпаған ғашықтар", "Уау", "Бақытты болыңыздар", "Керемет, әдемі жұп", "Қандай күштісіздер, махаббаттарыңыз баянды болсын", "Сіздерге қараған да, тыңдаған да сондай жағымды", – деп тамсанды желі қолданушылары.