Күйеуі бір апта бойы полицияға хабарламаған: Оралда үш баланың анасы жоғалып кетті
26 сәуір күні Оралда Айнагүл есімді үш баланың анасы жоғалып кетті. Келіншектің күйеуі бір апта бойы полицияға жүгінбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөздер
Жақындарының айтуынша осы уақытқа дейін келіншек күйеуінің зорлығына шыдап келген. Айнагүл – отбасының жалғыз асыраушысы. Әріптестері келіншектің жұмысқа үнемі денесі көгеріп келетінін алға тартады.
Айнагүл 26 сәуір күні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Келіншекті әріптестері іздей бастаған. Күйеуі бастапқыда полицияға жүгіндім деп өтірік айтып, бір апта өткеннен кейін ғана арыз түсірген.
Әйелді жұрттың көзінше ұрып-соққан: Алматыдағы іс бұзақылық бабына ауыстырылды
Айнагүлдің күйеуі қазір жалдамалы пәтерден көшіп кеткен көрінеді. Сондықтан кейбір заттай деректер қолжетімді болмауы мүмкін деп жазды “Немолчи” қоры.
"Қазір Батыс Қазақстан полиция департаментінің қызметкерлері Айнагүлдің жүрген жерін анықтады. Ол өз еркімен туыстарының үйіне кетіп қалған. Жақын арада Оралға баруды жоспарлап отыр”, – деп мәлімдеді БҚО полиция басқармасы.
Еске салайық, бұған дейін тұрғын үйдің кіреберісінде соққыға жығылған павлодарлық әйел агрессордың үстінен полицияға арыз жазудан бас тартқан еді.