Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі өлтіріп, кейіннен өзіне қол салған: Қарағанды облысында туыстары көз жұмған әйелдің мәйітін таба алмай жүр

Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданына қарасты Тоғызқұдық ауылында күйеуі өзінің жарын өлтіріп, кейіннен өзіне қол салған. Қазіргі таңда әйелдің денесі төрт айдан бері табылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасап. 

әйел

Қарағанды облысында өткен жылы жоғалып кеткен келіншектің мәйітін жақындары әлі іздеуде. Полицияға әйелімді өзім өлтірдім деп барған ер азамат сол күні өзіне қол жұмсайды.

Төрт баланың анасы Октябрь Балбидің туыстары былтыр көктемде оның күйеуімен араздасып, Теміртаудағы әпкесінің үйіне балаларын ертіп кетіп қалады. Бірақ 22 қыркүйек күні енесіне хабарласып, жағдай сұрасқаннан кейін үйіне қайтуды ұйғарған. Алайда күйеуіне қайтып оралған келіншекті одан кейін ешкім көрмепті. Тек іздеу жарияланғаннан соң, күйеуі "әйелімді өзім өлтірдім" деп полицияға барса, құқық қорғау қызметкерлері жауап та алмай, қамауға да алмай үйіне қайтарған. Алайда ол азамат үйіне келіп өзіне қол жұмсапты. Қазір марқұм әйелдің туыстары күрек ұстап, оның мәйітін іздеп жүрген көрінеді. 

"Қылмысын толығымен мойындап, ертең әйелдің мәйітін көрсетемін десе, полицейлер оның айтқанын тыңдамай босатып жіберген. Ал ол болса, үйіне барып өзіне қол жұмсайды. Төрт ай уақыт өтсе де, еш нәтиже жоқ. Қарағандының барлық құзырлы органдарына жүгіндік. Қылмыстың уақытылы ашылмағанына полиция қызметкерлерін кінәлаймыз", - дейді марқұм әйелдің әпкесі Сайрам Балби. 

Жақындары марқұм әйел Октябрь Балби жоғалып кеткенде күйеу балаларынан күдіктеніп, сол күні кешкі сағат 20:00-де полиция шақыртқан. Алайда тәртіп сақшылары келесі күні бір-ақ жетіпті. Күйеу балаларының көлігінің жуылып тұрғаны, көліктегі резеңке етік пен канистрді көріп, күдігімізді күшейткенде полиция оған назар аудармай, заттай айғақ ретінде тәркілемеген. Көлікте көрінген қан іздерін де құқық қорғаушылар енді байқаған, дейді туыстары. 

Бұл туралы Қарағанды облысының ПД өкілдері пікір білдірді. 

"Қылмыс жасаған куәгерлердің болмауына, қылмыс үстінде ұсталмағандықтан, қан немесе басқа айғақ заттардың табылмауына байланысты ол азаматты қамауға алуға мүмкіндік болмады", - деді Қарағанды облысты ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Талқылау