БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Күйеуі менің балам емес, терезеден лақтырам деп ұрысты": Қарағандыда көршілері сәбидің жоғарыдан құлағанына ата-анасын кінәлайды

Бауыр еті баласын аямады. Қарағандыда үш жасар бүлдіршіннің 4-қабаттан құлап кеткеніне көршілері ата-анасын кінәлап отыр. Біреуін терезеден лақтырып, екіншісін аш қатырды деген олар тиісті органдарға тез арада балаларды оқшаулап, құтқаруды сұраған.

Жоғары қабаттан құлаған нәрестенің жағдайы қалай? Оқиға қалай болған? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Дүкеннен келе жатқан бетім еді, екінші үйдің қасынан айқайлаған дауыстар шықты. "Өліп бара жатыр"деп жанұшыра айқалады. Жүгіріп келсем, бала жерде жатыр екен, көршілер 4-қабаттан құлады деп жатты", - дейді көршісі Михаил.

Болған жайтты көзімен көргендер баланың еш қимылсыз жатқанын айтты. Тастың үстіне баспен түскендіктен, бәрі оны өлдіге санапты. 

"Баланың үсті-басты қаннан көрінбеді. "Жедел жәрдем, жедел жәрдем»"деп айқайлай беріппін. Көрпе әкеліп, баланы жатқызғанымыз сол еді, жылап қоя берді", - дейді көршісі.

Зардап шеккен баланың жансақтау бөлімінде жатқанына  төртінші күн. Отбасында одан бөлек 6 жастағы әпкесі мен 8 айлық інісі бар екен. Көршілері енді солар үшін алаңдап отыр. Өйткені балалардың әке-шешесі ішімдікке жақын көрінеді. Тіпті 4 жастағы баланы масаң күйдегі әкесі терезеден итеріп жіберген деп күдіктенеді. 

"Осы жердегі әжелер, таныстарының бәрі жақында күйеуі мен әйелі жанжалдасқанын айтып жүр. Күйеуі "менің балаларым емес, терезеден лақытырып жіберем" деп айқайлады дейді", - деді көршісі Ксения.

Алайда көршілерінің әкесі мас болған деген күдігі расталмады. Сол күні ол арақты татып алмапты. Бірақ көрші-қолаңның алаңдаушылығы сонда да басылар емес. Өйткені кіші баласының да жағдайы мәз емес дейді. 

"Бала әбден ашыққан. Бір тәулік бойы нәр татпаған. Ас-су беріп жатырмыз. Даусы да шықпайды. 8 айлық нәресте аунай береді, басын да дұрыс ұстай алмайды, еңбектемейді", - деді тұрғын Ксения.

Көршілердің шақыртуымен келген тиісті орган қызметкерлері отбасының тұрмысына қарап, алты жастағы қызды бейімдеу орталығына, ал 8 айлық нәрестені сәбилер үйіне орналастырған. 

"Үй-жайын қарағаннан кейін, балаларға жағдай жоқ екенін көріп, уақытша алып кеттік. Ата-анасымен әңгімелесеміз, жағдайларын түзегенше уақыт береміз. Егер 3 ай ішінде нәтиже болмаса, ата-ана құқығынан айыру, немесе шектеу туралы мәселе көтереміз", - деді қалалық білім бөлімінің бс маманы Ләйлә Бексейітова.

Дәл сол күні ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс неден шыққаны белгісіз. Отағасы да болған жайт туралы жақ ашпады. Полицейлер әр куәгерден жауап алып, тексеріп жатыр. Ал дәрігерлер болса кішкентайдың беті бері қарағанына қуанышты. Сәбиді өлім аузынан алып қалу үшін бар жағдайды жасап жатыр.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр