Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың әйел болуға қаншалықты дайын екенін білу үшін сынақтан өткізді

Ауқатты отбасы қалыңдықтың әйел болуға қаншалықты дайын екенін тексеру үшін онымен алдын ала келіссөз жүргізді. Оның әйел болуға қаншалықты дайын екенін сынап, сұрақтың астына алды. 

Бұл туралы Reddit қолданушысы желіде жазды. 

Әйел жасырын түрде кездесудің қалай өткенін айтып берді. Сүйіктісінің отбасы қалыңдықтың жақсы әйел екенін дәлелдеуін өтінген. Ер адамның туыстары оған тексеру жүргізіп, оның жұмысы, жалақысы мен өмірге көзқарасы туралы сұрайды. Осыдан кейін өз пікірлерін білдіріп, оны өзара талқылай бастады.

"Бір салада жұмыс істейтін ағасы менен жұмыс туралы сұрай бастады. Ол дөрекі түрде менен “бай күйеу табу үшін осында келдің бе?” деп сұрады. 

Кейін ер адамның анасы оның үй шаруасындағы дағдылары туралы сұраған. Әйел өзінен гөрі сүйіктісінің жақсы тамақ дайындайтынын айтқан. Бұл жауап енеге әлбетте ұнамады.

"Оның анасы үміткер әйелдер ерекше нәрсе пісіріп әкелуге тырысқанын айтты. Мен оған сыра әкеліп берем деп әзілдемек болдым, бірақ бұл әзілді ешкім бағаламады", – деді пост авторы.

Ақыр соңында, әйел бұл сынақтан мезі болғанын айтып кетіп қалады. Бұл әрекет отбасын қатты таңғалдырды. Қалыңдығы отбасының мұндай қатынасы ақылға қонымсыз екенін айтады. 

"Ол да, оның отбасы да надан адамдар. Олардың әрекеті сіздің болашағыңыздың қандай болатынын көрсетеді", – деп жазды желі қолданушылары.

"Олардың көпшілігі сізден ғана емес, өздері сияқты бай емес кез келген адамнан жоғары сезінеді. Тең емес қарым-қатынас пен құрметтемеудің осындай айқын белгісін елемеу – ақымақтық", – деп жазды енді бірі.

Талқылау