Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіт қалыңдығы пәк болмағандықтан оған ақ көйлек киюге тыйым салды

32 жастағы жігіт өзінің қалыңдығына пәк емес болғандықтан, үйлену тойында ақ көйлек киюге тыйым салды.

Ер адам өз оқиғасын айтып, желі қолданушыларынан пікір сұрады. Ол өзінің 23 жастағы қалыңдығымен үйлену тойын бірнеше айдан кейін өткізуі керек еді.

Дайындық кезінде ер адам қалыңдықтан мерекеге ақ көйлек емес, түрлі-түсті көйлек таңдауын сұрады. Белгілі болғандай, қыз қарым-қатынастың басында күйеу жігітке дейін оның басқа серіктестері болғанын және өзінің пәк емес екенін мойындады.

"Қалыңдығым менің өтінішіме көңілі құлазығандай болды, дегенмен келісіп көк түсті көйлек киемін деген шешімге келді. Бірақ артынша үйлену тойдан бас тартты", - деп жазыпты ер азамат. 



Ал ер адам діни отбасында тәрбиеленген. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаған кезде ақ көйлек кию керек деп санайды. Болашақ жары қатты ренжіді, бірақ ол келісімін берді. Ол ашық көк түсті көйлек таңдады.

"Бойжеткен не үшін о бастан-ақ кетіп қалмағанына таңғаламын", "Қыздың пәктігін көрсететін түс жоқ", "ХХ ғасырға дейін тазалықтың түсі көк болғанын білесің бе?", "Той болмай тұрып, былай масқаралаудың не қажеті бар?" деп жазыпты желі қолданушылары. 

Талқылау