"Күткен жоқпын": Мақпал Исабекова басқа қалаға қоныс аударды
Танымал әнші Мақпал Исабекова өмірінде болып жатқан тың жаңалықтарды жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/makosyai/
Жақында әнші екінші мәрте ана атанбақ. Бұл жаңалықты өзі де күтпеген көрінеді.
“Күткен жоқпын. Білген де жоқпын. Балама бауыр керек екенін ойлайтынмын. Бірақ Теодор 3 жасқа толғанда екіншісін жоспарлармыз деп жүрген едік. Бірақ Құдайдың бұйрығы пендесінікінен күшті. Қатты қуандым”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
-
Қазақстандықтар отбасын құрмас бұрын арнайы курс оқиды - Заң жобасы
-
Ұлытау облысында балаларын құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды
Сонымен қатар күйеуінің қалай қабылдағанын да жасырмады. Алдымен әнші оқырмандарын уайымға салатын күйеуі екеуінің қарым-қатынасы туралы екі-ойлы жазбалар жариялады. Желі қолданушылары әншіні ажырасып кетті деп болжады.
“Қыздар менің бақытыма орай ма, әлде өкінішке орай ма бұл өмірдегі уайымның барлығы ер адамдармен ғана байланысты емес. Әсіресе менің өмірімде. Біз ажырасып жатқан жоқпыз, ажыраспаймыз да. Қиындықтар бар. Бұл бәрінде бар жағдай емес пе? Бұл – өмір. Ал отбасылық өмірде тіптен түрлі дүние болады”, – деді әнші.
Эстрада жұлдызының өміріндегі өзгерістен кейін, күйеуі тұрып жатқан Шымкент қаласына қоныс аударуды ұйғарған.
“Жүктіліктің 19-аптасындамын. Қазір бала күтушім де көмекшім де жоқ. Жақындарым да көмектесе алмайды. Сондықтан күйеуім тұрып жатқан оңтүстікке қоныс аударуға тура келді. Бұл жерде жалғыз емеспін”, – деп жазды өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/makosyai/
Еске салайық, әнші жақында 40 жасқа толып, туған күнін тойламайтынын айтты.